«Нұр Отан» партиясының штабын Берік Оспанов басқарады

474
«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ
«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ

Оңтүстікте «Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабтары жұмысын бастады. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары, облыстық штаб жетекшісі Берік Оспанов мәлімдеді.

«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ
«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ

– 29 қаңтарда Елбасы, партия төрағасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен съезде партиямыздың «Қазақстан –2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы бекітілді, – деді Берік Серікұлы. – Бүгінгі таңда партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, штабтың күнтізбелік жоспары әзірленді.

Берік Оспанов
Берік Оспанов

Көшбасшы партияның облыстағы сайлауалды штабтары 30 қаңтардан іске кіріскен. Алдағы уақытта облыстық штабта – 62, ал аудандық, қалалық штабтарда 355 азамат пен өңірдегі сайлау учаскелерінде 3222 сенімді өкіл жұмыс жасамақ.

«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ баспасөз қызметі