Оңтүстіктегі әскерилер дабыл бойынша көтерілді

237
Әскерилер

Қазақстан армиясының Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумағында орналасқан әскерлердің жауынгерлік әзірлігін кенеттен тексерудің бірінші кезеңі басталды. Осыған орай «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімдері мен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің құрамдары дабыл бойынша көтерілді. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әскерилер

Сарбаздар оқу-жаттығу тапсырмаларын пысықтап, оқу-жаттығу полигондарына шыға отырып, 5 шақырым қашықтыққа марш жасады. Тараздан Отарға шамамен 160 бірлік техника жіберілді. Сондай-ақ Луговой станциясынан Отарға дейін артиллериялық эшелондар тиелді. Мұнда жауынгерлік оқ атулар өткізіледі.

Әскерилер

Қызылордада дабыл бойынша облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, қаланың қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және облыстың қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері көтерілді. Алынған белгіге сәйкес штаб және құқық қорғау, арнайы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ, Қазақтелеком мен Қызылорда облысының жергілікті атқару органдарының қызметкерлері хабардар етілді.

Әскерилер

Ал жаңадан құрылған арнайы мақсаттағы бөлімше оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігін пысықтады. Тексеру шеңберінде әскерлерді таңсық полигондарға жөнелту жүзеге асырылды. Бұл жерлерде жақын күндері оқу-жаттығулардың белсенді фазасы басталады.

Әскерилер

Тексерудің негізгі мақсаты қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігін бағалау болып табылады. Жауынгерлік әзірлікті тосыннан тексеру — бүгінгі таңда қарулы күштердің шынайы жауынгерлік әзрлігін айқындаудың пәрменді әрі батымды тәсілдерінің бірі.

Әскерилер

Жауынгерлердің шынайы жай-күйін зерделеудің маңызды үлгісі болып табылатын кенеттен тексеру кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігіне, әрбір жауынгердің өзінің орағытуын білуі және шебер орындауы, әскер түрлері мен тектері арасында басқаруды ұйымдастыру, өзара іс-қимыл және байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылады.