Оңтүстікте 116 қайта өңдеу өнеркәсібі жұмыс істейді

756
Сүт өнеркәсібі

Оңтүстік Қазақстан аумағында 116 қайта өңдеу өнеркәсібі жұмыс істейді. Оның ішінде жалпы қуаттылығы 38,5 мың тонна өнім болатын 43 ет өнеркәсібі, 130 мың тоннадан астам өнімді қайта өңдейтін 38 сүт фермасы, жылына 107,6 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін 35 қайта өңдеу кәсіпорындары бар.

Сүт өнеркәсібі2015 жылы қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, қосымша ет 8,1 мың тн, сүт 9 мың тн және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу қуаттылықтары 18,6 мың тн артып, меже артығымен орындалды.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 28,6 млрд теңгеге ұлғайып, 158,6 млрд  теңгені құрады.

Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 344,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдан 21,8 млрд теңгеге ұлғайып, 3,5% артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы 158,7 млрд теңгені құрап, 4%, ал егін шаруашылығы 184,8 млрд теңгені құрап, 3,1%-ға артты.