Оңтүстікте 30 мың студент бір мезгілде жаттығу жасады

468
Жаппай жаттығу
Жаппай жаттығу

Оңтүстікте бір мезгілде 30 мың студент бірге дене шынықтырып, жаттығу жасады. Ерекше іс-шара тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отыр.

Жаппай жаттығу
Жаппай жаттығу

Ауқымды жаттығуға облыстағы 11 жоғары оқу орнының 30 мыңға жуық студенті қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаппай жаттығу

Жаппай жаттығудың негізгі бөлігі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінде өтті. Екі ірі жоғарғы оқу орнының мыңға жуық студенті дене шынықтыруға бір кісідей қатысқан.

Жаппай жаттығу

Ұйымдастырушылар бір мезетте бірдей жаттығу жасау арқылы өңір жастарын Отанды сүюге тәрбиелеп, салауатты өмір салтын ұстануға, елін, жерін қорғаған өрендерімізге құрмет көрсетуге баулуды мақсат тұтып отыр.

Жаппай жаттығу

Айта өтейік, облыстағы 11 жоғары оқу орнының тоғызы Шымкентте болса, екеуі Түркістан мен Мақтаарал ауданында орналасқан. Бұл оқу орындарында бүгінгі таңда 66,5 мың студент білім алады. Соның 45 мыңнан астамы күндізгі бөлімде оқыса, 8 мыңнан астамы сыртқы, 13 мыңнан астамы кешкі бөлімдерде оқиды. Жалпы облыста бүгінде 800 мыңға жуық жас тұрады.