Облыс әкімдігі және оған қарасты департамент пен басқармалардың жаңа әкімшілік іскерлік орталығына қоныс аударғандарына 12 ақпан күні тура 1 жыл толды.
Нұрсәт шағынауданында орналасқан жаңа ғимаратта облыс әкімінен бастап,он басқарманың қызметкерлері жұмыс істейді. Шенеуніктер мұнда коммуналдық төлемдер мен жанар жағармайды үнемдеп қана қоймай, көптеген мәселелер бір жерде шешімін табуға атсалысуда. Бұл — жұмыс уақытын үнемдеуге өз септігін тигізеді дейді мұндағы мамандар.