Түркиядан трансферлік жаңалық! Анталияда маусымға дайындалып жатқан ордабасылықтар нигериялық футболшы Доминик Чаттомен бір жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Сондай-ақ, сербиялық легионер Эдин Юнузович та «Ордабасы» командасымен арадағы келісім мерзімін ұзартты.
Доминик Чатто: «Мен осыған дейін 3 елде ойнадым. «Ордабасының» сапында да жақсы өнер көрсетемін деп сенемін.»
Эдин Юнузович: «Биыл да «Ордабасының» сапында ойнайтыныма қуаныштымын. Жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін.»