«Ордабасының» оқу-жаттығуын басқарма басшысы бақылап қайтты

467

«Ордабасы» футбол клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны жалғасуда. Жақында футболшылардың жиынын бақылауға облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев шетелге аттанды.

Ә.Нұртаев

Әлібек Нұрбайұлы ақпанның 17-не жоспарланған жолдастық кездесуге қатысып, белоруссиялық «Белшина» клубымен болған ойынды өзі бақылады.

Айта кетейік, осы жолғы жиын барысында ордабасылықтардың қатарын толықтыратын ойыншылар іріктеуден өтуде. Екінші 20 күндік дайындық барысында «Ордабасы» клубы 2 жолдастық кездесу өткізіп, оның екеуінде де жеңіске жетті.

Жерлестеріміз алдымен Сербияның «Napredak» командасын 2:1 есебімен жеңді. Шымкенттіктердің сапынан голдарды Азат Нұрғалиев пен Савио соқты.

Бұдан кейін 23 жасқа дейінгі Гана құрамасымен өткен матчта ордабасылықтар 3 гол соғып, жеңімпаз атанды.