Орта және шағын бизнесті қолдау заңы күшіне енді

166
Төтенше жағдай орталығы

Биылдан бастап орта және шағын бизнеске қолдау көрсетуге арналған жаңа заңнама күшіне енді. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлермен кездесті. Басқосуда бизнес өкілдері мен құзырлылар өзара әріптестік барысын талқылады.

Төтенше жағдай орталығыБиылдан бастап орта және шағын бизнесте жиі кездесетін әкімшілік кедергілерге тосқауыл күшейтілді. Бұл салада қағазбастылық та қысқарып келеді. Соңғы бес жыл көлемінде өртке қарсы күрес шараларына қатысты құжаттар 74 пайызға азайтылған. Жаңа заңнамаға сәйкес, биыл да іскер азаматтар үшін оңтайлы жағдай жасалып отыр.

Жауаптылар 2015 жылдың бірінші жартысында тек ірі кәсіпкерлік нысандар ғана тексеруге алынды. Ал келесі жарты жылдығында мүлде тоқтатылды деп сендіреді. Енді жаңадан күшіне енген кодекс бизнес өкілдеріне тіпті еркіндік беріп отыр.

Сөйтіп, биыл да құзырлылар тарапынан тексеру болмайды. Бұл — жаңа ереженің аясындағы шектеу. Ал төтеннен төнген жалған тексерулер шыға қалса, кәсіпкерлер прокуратураға шағым түсіре алады. Бірақ, бұл — кәсіпкерлер жауапкершіліктен тіптен босатылды деген сөз емес. Кәсіпкерлік нысанында өрт оқиғасы болған жағдайда төтеншеліктер тиянақты зерттеу жүргізуге құқылы. Өрт қауіпсіздігіне салғырт қарағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.