Пискарев бауырластар зиратының топырағы күнгейге жеткізілді

286

Биыл Ленинградтың фашистік қоршаудан азат етілгеніне — 72 жыл. Тарихи датаның құрметіне орай күнгейліктер Отаны үшін от кешкен азаматтардың есімі мен ерлігін еске алып жатыр. шаһардағы әскери бөлімдердің сарбаздары және мектептің оқушылары өлкетану мұражайына жиналып, жауынгерлердің өміржолын сөз етті. Елдің ауыр жағдайы, майдан шебінде шейіт болған азаматтардың қасіретін қаузады.

12694728_238965213103482_4846433693874453024_o

Сондай-ақ, еске алу шарасында Ленинградтағы Пискарев бауырластар зиратының топырағы салынған капсула таныстырылды. Ленинград қаласын қорғауға қатысып, қасық қаны қалғанша күрескен қандастарымыздың ерлігін айғақтайтын бір уыс осы топырақты өңірімізге «Жас туристер» стансасының өкілі әкелген. Енді елге жеткен жәдігер облыстық мұражай қорына тапсырылыпты.

қасиетті топырақ салынған капсула
қасиетті топырақ салынған капсула

Сәуле Өмірбаева, облыстық жас туристер станциясының директоры: «Мына құмыраның сыртында «Отан ана» ескерткіші бедерленген. Сол Пискарев ескерткішіне, жалпы жауынгерлер үшін символ болған ұғым. Ал ішінде бір уыс топырақ сақтаулы. Сыртындағы капсула керамикадан жасалған, өте нәзік. Шынымды айтсам, Питерден алып келерде қатты қорықтым, ұшақтың ішінде сынып қалады ма деген уайым да болды. Ата-бабамыздың қанша қаны төгілді ғой сол қан майданда, сөйтіп жәдігерді мешітке барып Құран оқытып, одан соң ғана мұражайға алып келдім.»

12654114_238965243103479_2586331362690413274_n

Еске салайық, қоршаудағы Ленинградта жарты миллиондай тұрғын аштан қырылды. Төрт жыл бойы бұғауда болған қаланы азат етуге қазақстандықтар да қатысты. Сұрапыл жылдарда жауға қарсы беттеп, Ленинградты қорғағандардың алтауы бүгінде Шымкентте өмір сүреді.