54 көшеге тас төселмеген

220

Қаратау ауданы әкімі Абзал Әліқұловтың  мәлімдеуінше, аудан  аумағында жалпы ұзындығы 1110 шақырымды құрайтын 1 272 көше бар.

Оның 549 шақырымы, яғни 483 көшеге асфальт, 515 шақырымды құрайтын 753 көше жолдарына шағал тас төселген. Ал 45,7 шақырым топырақ көшелер саны 54.  Ағымдағы жылы  Азат, Асар-2, Тұран, Нұртас, Мирас, Қайтпас. Бозарық шағынаудандары мен Бозарық саяжайы мен Таскен, Сайрам Қызыл су, Шапырашты, Орманшы Мәртөбе, Қайнарбұлақ, Достық тұрғын алаптарындағы  38 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізлуде.

Сондай-ақ, Азат, Ақжайық, Тұран, Нұртас және Қайтпас шағынауданында орналасқан ұзындығы 52.8 шақырымды құрайтын 29 көшеге күрделі жөндеу және 35,2 шақырымды құрайтын 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Шынар Оразова