Күнгейдегі Сарыағаш шипажайы енді халықаралық деңгейде қызметін ұсынады. Бұл үшін қазір жаңа жобалар түзіліп, жүзеге асып жатыр. Мұны өңіріміздегі сәулет және құрылыс басқармасының мамандары және аудандық әкімдіктің өкілдері қуана мәлімдеді.
Қазақстанның қасиетті сулы шипажайына бастайтын жол — Көктерек ауыл аймағы. Емдік қасиеті ел аумағына өткен ғасырдың орта шегінде белгілі болған Сарыағаштың ауқымы қазір кеңейген. Бүгінде мұнда көпке 22 шипажай қызмет етеді.
Таза ауа, емдік қаситі мол мөлдір суды қоспағанда мұндағы ем-дом қазақстандықтардың ғана емес, шетелдіктердің де қызығушылығын тудыруда. Олар шипажайды өздері іздеп келуге көшкен.
Чехияның әлемге белгілі шипажайы бар. Теңіздердің тоғысқан аумағында, судан 300 метр биіктікке орналасқан. Күнгейінде ну орман мен таулы аймақ қоршаған. Ал шеңбердің ортасы — емдік қасиеті мол орын.
Мұнда саулығын жақсарту үшін Гете мен Бетховен, І Петр мен І Тургенев келген деседі. Бүгінде шипажай жылына 50 мың адамды қабылдап, оған сапалы қызметін ұсынуға машықтанған. Ал жергілікті Сарығааш шипажайын дәл осындай халықаралық жоғары деңгейге жеткізу үшін облыстық сәулет басқармасы мен аудандық билік жұмыла жоба түзіпті.
Аман Төребеков, Сарыағаш аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы: «Енді Сарыағаштағы шипажайлар саны еселей көбейеді және ауданда аэропорт салынуы мүмкін. Шетелден келетін меймандар үшін. Әуе рейсі реттелсе және өзге де қызмет түрлері көбейсе, біздегі туризм саласы жолға қойылар еді.»
Аталған жоба шипажайдың қызмет сапасын ғана емес, оның санын, аумағын көбейтіп-кеңейтуге бағытталған. Айналасында ойын-сауық орталығы мен аквабақ, веложолақтар мен екі жасанды көлшіктер және ойын алаңдары қарастырылыпты.
Айта өткен жөн, аталған жоба еліміздегі жасыл экономиканы жүзеге асырудың тәсілі болып отыр. Мұнда қазір жолдарды кеңейту мен Келес өзенінің үстінен көпір салу үшін тиісті шаруалар басталып та кетті. Жобаға шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытып отыр. Ендеше, Сарыағаш шипажайы халықаралық талапқа сай келетін күн алыс емес деп сенейік.