Курорттық инфрақұрылым ғылыми негіздерге сүйеніп дамуы керек

23
Шипажай Салма Караван

Елімізде курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылмақ. Бұл туралы шипажайларды дамыту мәселелерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.

Мамандар курорттық және медициналық оңалту турасындағы мәселелердің оңтайлы шешілуінде жұмыс жүйелі әрі ортақ болуы керегін айтты. Қазір елімізде ересектер мен балаларға арналған 170-тей шипажай бар. Олардың жартысынан көбінде қызметі жоғары деңгейде болса, қалғандарында материалдық-техникалық база мардымсыз.

Саягүл Қайыргелдинова, Республикалық «Бурабай» оңалту орталығының директоры: «Шипажайлар енді өздерінің кадрлық жұмысын, сервистік жұмысын барлығын жақсы реттеп қойса, халықаралық туристер келсе, біздің мемлекетіміз медициналық туризм арқылы жақсы болады деп ойлаймын».