Шақалақтың өлі денесіне байланысты қылмысты іс қозғалды

184
Өлі шарананың денесі табылды

Шымкентте табылған өлі шарананың денесіне қатысты қылмысты іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өлі шарананың денесі табылды«Әлеуметтік желілерде қаладағы шағынаудандардың бірінен шақалақтың денесі табылғаны жайлы видео тарап кетті. Осы фактіні Шымкенттегі Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлері тексеруге алды» делінген хабарламада.

Шұғыл іздестіру барысында тергеушілер бұл оқиғаның 17 ақпан күні Шымкеттегі Нұрсәт шағынауданында болғанын анықтады. Қаладағы мекемелердің бірінің жұмысшылары кәріз жүйесінің құбырын тазалау барысында өлі шақалақты тауып алған. Содан кейін каналдардың бірінің жанына көміпті.

Қажетті шараларды жүргізген полицейлер адам ұрығын сот-медициналық сараптамаға жіберді. Қазіргі таңда қылмысты кодекстің 119-бабына сәйкес (қауіпті жағдайда қалдыру» қылмысты іс қозғалды. Тергеу-тексеру ісі жалғасуда.