Шымкентте қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық алдында есебін беруде. Қала басшысының жылдық есебіне облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов пен Қазақстан Президенті əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жасұлан Естенов қатысты.
Есеп барысында əкім қалада атқарылған жүйелі жұмыстар мен оңды өзгерістерді тілге тиек етіп, алдағы 2016 жылдың жұмыс жоспарын баяндады.
Ғабидолла Әбдірахымовтың Шымшаһарға басшы болып тағайындалғанына қысқа уақыт болса да халық жақсы деген бағасын берді. Әкімнің атқарған жұмыстары түгелдей қамтылған баяндамасын тыңдаған тұрғындар өтініш-тілектерін де жеткізді. Кездесуге келген жұрт қоғамдық көлік, ирригация, аулаларды жарықтандыру, абаттандыру мәселелерін көтеріп, шешіп беруін сұранды.