«Бірде көрсем, бірде көрмеймін». Ресейден келген өнер ұжымы сезімге тұнған премьеарасын күнгейлік көрерменнің назарына ұсынды. Ерлердің қоғамдағы ездігі көрініс тапқан еңбектің қоюшы-режиссері — Юрий Катаев.
Эдуардо — шетел азаматы. Жалған сөйлеп, қалталы әйелдердің қаржысына телмірген жігіт. Айлакер өз өтірігіне өзі көміліп, өмірден түңілген бойда терезеден, көп қабатты пәтерінің балконынан секірмек болды. Соңғы шешімі осы. Осылай өз-өзіне қол жұмсау арқылы көршілерінің назарына іліккісі келген. Онысы сәтті шықты.
Сергей Астахов, әртіс: «Шынайы өмірде әйелдің қалтасына қараған емеспін. Өз қаржымды өзім басқарамын. Эдуардо — менің табиғатыма жат рөл. Бірақ, бұл кейіпкер өмірде бар. Ез еркектің қитұрқы әрекетін ойнағанда да көз алдыма сондай өзім көзбен көрген адамдарды елестете отырып, әрекетін әшкере еттім.»
Оқиға желісінде сүр бойдақ, күнкөрістің қамы үшін жалған сөйлеуге бейім, эгоист жігіттің өмірі көрініс тапқан. Оның көршілерімен өрбитін әлегі баяндалады. Оң босағадан орын алған апалы-сіңлілі әйелдер оны өлім аузынан аман алып қалып, өз пәтеріне кіргізеді. Киіндіріп, тамақтандырады, бағады, бірақ айлакер Эдуардо олардың жақсылығын бағаламақ түгілі мазақ етті.
Майра Бақытжанқызы, көрермен: «Әртістердің бірі — киножұлдыз, киногер, екіншісі — театр әртісі. Олар жұмыла қоғам шындығын баяндады. Кәсіби шеберлігіне тәнті болдым. Рахмет».
Премьералық көріністің соңы апалы-сіңлілі көршілердің өздері құтқарып қалған жігітті өздері төменге құлатуымен тәмамдалады. Ез еркектен осылай құтылады. Енді ресейлік әртістер «Бірде көрсем, бірде көрмеймін» атты комедиялық қойылымды өзге де мемлекеттердің сахнасында қоюды жоспарлап отыр.