Шымкентте полиция капитаны пара алғаны үшін шенінен, мал-мүлкі мен ішкі істер органында қызмет ету құқығынан айрылды. Бұл туралы ОҚО сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
2016 жылдың 16 ақпаны күні Шымкенттегі Абай аудандық соты А.К. есімді азаматты қылмысты кодекстің 366-бабының 2-тармағы бойынша айыпты деп тауып, алған парасынан 60 есе көп 5 400 000 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Бұған қоса айыпталушының жеке мүлкі тәркіленіп, ішкі істер саласында қызмет ету құқығынан өмір бойы айрылды.
Қылмысты кодекстің 49-бабының 1-тармағына сай бұл азамат «полиция капитаны» арнайы шенінен айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.