Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебіне – 3 жыл!

359

Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінде үлкен мереке. Физика және математика бағытын тереңдетіп оқытатын білім ордасының құрылғанына үш жыл толып отыр.

Аталмыш мерейтойға балалар үйінің жасөспірімдері, ата-аналар мен оқытушылар қауымы жас шәкірттердің қуанышын бөлісуге арнайы келген. Ал зияткер жастардың бұл шараға ерекше дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Себебі кеш толығымен 3 тілде жүргізілді.

Кеш барысында мектеп атын халықаралық байқауларда танытып жүрген бірнеше оқушы марапатталып, белсенді шәкірттердің есімдері аталды. Мектеп директоры зияткерлік мектеп ұжымының 3 жылда жеткен жетістігі аз емес дейді.