Шымкенттің қақ ортасында қайғылы жағдай болды. Ордабасы алаңы жақта ер кісі көшеде құлап қалған.
Оқиға күндізгі сағат 4 шамасында болды. Осында кетіп бара жатқан кісі кенет өзін нашар сезініп, құлап қалған. Куәлер тез арада жедел жәрдем қызметіне хабар берген.
Дәрігерлер бригадасы 7 минут ішінде келген. Өкінішке орай, ер кісінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол жүрек талмасынан қайтыс болуы мүмкін.
Әзірге анық болғаны — марқұм 1947 жылы туылған. Шымкент қаласының тұрғыны.