Шымкенттік көлікшілер Алматыға тәжірибе алмасуға барып-қайтты

304
Валидатор

Шымкенттік көлік саласының мамандары Алматыға арнайы барып, тәжірибе алмасып қайтты. Оңтүстік астанада болған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары жол жүру билеті электронды жүйеге көшкенде кондукторлардың жұмыссыз қалмайтынына көз жеткіздік деп отыр.

ВалидаторЖауаптылардың айтуынша, электронды билет жүйесі іске қосылса, кондукторлар ақша жинап, әр аялдаманың атын айтып айқайламайды. Керісінше, жолаушылардың жолақысын төлегенін қадағалап отырады.

Ал қоғамдық көліктерде тегін жүргісі келгендер әкімшілік жазаға тартылады. Сала мамандарының мәлімдеуінше, электронды билетті енгізуге «Смарт карт» мекемесі қызығушылық танытып отыр. Жуырда жергілікті басшылармен келіссөз жүргізу ниетте.