Шымкенттіктерге көлік қозғалысының картасы қаншалықты қажет

555
Көлік қозғалысы картасы

Шымкенттегі тағы бір аялдамаға қаладағы қоғамдық көлік қозғалысының бағытын көрсететін сызба ілінді. Картаның бағасы — 45 мың теңге. Бұл шығынды диспетчерлік қызмет көрсету орталығы көтерген.

Көлік қозғалысы картасы

Айта өтейік, Шымкентте 800-ден астам аялдама бар. Ақпараттық картаның пайдалы екені дәлелденсе, карта барлық аялдамаға ілінеді деген жоспар бар. Жаңа жоба мемлекеттік мекеменің 49 пайызын иеленген кәсіпкердің енгізген жаңалығы екен.

Өкінішке қарай, аялдамаға ілінген картаға жолаушылар мән беріп жатқан жоқ. Айтуларынша, мұнда автобустардың келетін уақыты көрсетілмеген. Яғни, бұл жаңалық жолаушыларды толық ақпаратпен қамти алмайды.

Көлік қозғалысы картасы

Сондықтан болар, барлығы дерлік кондукторлардың көмегіне жүгінгенді жөн көреді. Кемшілігін көпшіліктен естіген диспетчерлік орталық мамандары 1,5 айдың ішінде көлік қозғалысының уақытын көрсететін тақтайша ілуге уәде берді.

Нұрлан Жаңабай