Шымкентте мектеп оқушысынан қару табылды

260

Өңірімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыс былтырмен салыстырғанда өскен. 2015 жылы осы уақытқа дейін 6 қылмыс тіркелсе, биыл 17-ге жетіп отыр.

Соның бірі – бүгін Шымкеттегі №9 лицей-мектебінің оқушысы қару асынып жүрген жерінен ұсталды. Оны мектеп инспекторы байқапты. Оқушыдан ОСА маркалы травматикалық қару тәркіленіп алынды. Қарудың оқтары да бар.

Дереу мектепке оқушының ата-анасы шақыртылып, одан кейін жергілікті полиция бөлімге әкететін болып шешілді. Әзірге таңда жеткіншектің не себептен мектепке қару алып келгені белгісіз. Сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүруде.

Ернар Балабеков