Арқардың мүйізі

Оңтүстіктің Созақ ауданында 26 қаңтар күні браконьерлер ұсталды. Оларды «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері ұстаған. Ұсталғандардың Нива автокөлігін тексеру кезінде Қаратау арқарының жаңа кесіліп алынған мүйізі табылған.

Арқардың мүйізі

– Қаратау арқары – сирек кездесетін жануар. Қызыл кітапқа енгізілген, – дейді «Охотзоопром» мекемесінің жануарлар әлемі бойынша инспекторы Богдан Арутунян. – Қаратау арқары тек бізде ғана кездеседі. Бұл жануарды өлтіргендер үлкен көлемде айыппұл төлейді. Әр арқардың басы үшін – 1500 АЕК. Қазір осы факті бойынша қылмысты іс қозғалды.

Браконьерлердің Нива көлігі