Судьялар балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті

288

Оңтүстіктің судьялары балалар үйіне барып, сондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Бұл жолы сот қызметкерлері басқосуда жастармен ашық түрде әңгіме жүргізді. Тіпті кейбір қызметтік құпияларының сырымен бөлісіп, оларға заң тұрғыдан құқықтарын түсіндірді.

IMG_8165

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері  №4 балалар үйіне жиі келеді. Жасөспірімдер өзінің азаматтық құқығын жастайынан білуі тиіс. Оның үстіне мұндағы балалардың жәйі бөлек. Бұл жолғы кездесу де ерекше болды. Әңгіме емін-еркін өтті. Балалар судья болу үшін қандай талаптар қойылатынын білгісі келіп, сұрақтарын жаудырды.


IMG_8145

IMG_8154

Бүгінде бұл балалар үйінде 90-ға жуық жасөспірім тәрбиеленуде. Сот қызметкерлерінің айтуынша, оларға заң тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Өйткені ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәрбие беру, бағыт көрсету — үлкен жауапкершілік. Әрі мемлекет қарауындағы балаларға қатысты талап та жоғары. Сондай-ақ, осындай жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы қылмыс азайған.

IMG_8157

Заң қызметкерлерінің балалар үйіндегі кездесуі алдағы уақытта жалғасын табады. Ал бұл жолы судьялар құр қол келмепті. Балғындарға әдеттегідей тарту-таралғы жасап, оқуға қажетті түрлі заттарды сыйға тартты.