Шымкенттегі балалар үйінен екі қыз қашып кетті

47
фото osken-onir.kz

Бархат  көшесіндегі №3 балалар үйінің екі тәрбиеленушісі 5 ақпан күні сағат 19:20 шамасында мекемеден шығып, жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, 2007 жылы туған қыздар көлікте екі жігітпен кетіп қалған.

Полицейлер балалар үйінің қашып кеткен тәрбиеленушілерін бірнеше сағат бойы іздеді. Қазіргі уақытта қашқындар Шымкенттегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.