Теміржол вокзалындағы аялдамадан шу шықты. Нәпақа табуды көздеген жеке көлік иелері аялдаманы жаулап, қоғамдық көліктердің жүрісіне кедергі келтірген.
Нәтижесінде көлік тығыны пайда болып, жолаушылардың жүріп-тұруы қиындаған. Бір емес, бірнеше рет қалалық әкімдіктің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хат жазып, шағымын айтқан қалалықтарға жауаптылар көмекке келді. Қойылған жол белгісін елемей, аялдаманы ақша табу көзіне айналдырған такси жүргізушілері тәртіпке шақырылды.