Жарылған коллекторды жөндеу басталды

277
Кәріз коллекторы

Қаңтардың қатты суығында жарылып, бірнеше отбасын далада қалдырған коллекторды қайта жөндеу басталды. Жарты ғасырдан астам пайдаланылған шайынды суларды айдап шығаратын кәзір жүйесінің ұзындығы — 5,6 шақырым.

Кәріз коллекторы«Су ресурстары — Маркетинг» серіктесті жүйенің бір шақырымға жуық аумақтағы құбырларын жаңартпақ. Бүгін белгілі болғандай, құрылысшылар тек 800 метр құбырды алмастырып үлгерген. «Су ресурстары — Маркетинг» серіктестігі кәріз коллекторының өзге бөлігін жөндеу үшін жобалық-сметалық құжат дайындауда. Тиісті мекемелердің рұқсатын алысымен жүйеде жұмыс басталады.

Жоба жасаушыларға қойылған талап та қатаң. Кәріз жүйесінің қорғалу аймағыда орналасқан баспаналар мен қора-жайларды сақтап, айналып өту міндеттелген.