Жергілікті полицияның жұмысын интернеттен көруге болады

223
Жергілікті полиция

Шымкенттегі жергілікті полиция қызметінің жұмысын интернеттен де көруге болады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Таяуда Шымкент әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың қатысуымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жиыны өтті. Басқосуда Әл Фараби аудандық прокуратурасының өкілдері мен жергілікті полиция қызметкерлері жүйелі жұмысқа жұмыла кіріскендерін мәлімдеді.

Жергілікті полиция

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы — жергілікті полицияның жұмысын жандандыруға ат салысатын бір-бір орган. Қазiр жергiлiктi полицейлер комитеттiң «Ақпараттық сервис» жүйесi арқылы статистикалық мәлiмет алып жүр.

Бұл мүмкiндiктi құқық қорғау саласының мамандары ғана емес, ендігі жерде кез келген азамат пайдалана алады. Ол үшін интернетте service.pravstar.kz электронды мекенжайын терсеңіз болғаны. Осы порталдағы картаға қарап, қай аймақта қандай қылмыс түрi белең алғанын бiлуге болады. Айта кету керек, электронды картада криминал азая бастаған аймақтар бiртiндеп сары, одан кейiн жасыл түске бояла бастайды.

Қылмыс картасы
Қылмыс картасы

Қазiр Шымкенттегі ең қауiптi аумақтардың бiрi ретiнде темiржол вокзалы маңайы көрсетiлiп тұр. Ал геоақпаратқа сай, жол-көлiк оқиғасы картасында Шымкент қаласындағы Темiрлан тасжолы мен Алпысбаев қиылысы қанық қызыл түске боялған. Бұл — осы аймақта көлiк апаты жиi болады деген сөз. Жыл басынан бері мұнда 411 оқыс оқиға тіркелген.

Жергілікті полиция

Бұдан бөлек, жыл басынан бері «Тұлғалардың жүгіну картасы» жұмыс істеуде. Аталмыш карта облыс, қала, аудандағы мемлекеттік органдарға жеке тұлғалар тарапынан түскен өтініштер саны, түрі, қандай мәселемен заңға жүгінгені туралы ақпарат бере алады.