Бүгін төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері де Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін тойлауға кірісіп кетті. Ұлттық тағамдарды дәріптеп, мерекелік дастархан жайды.
Көктемгі мейрам қарсаңында бас қосқан жиында ұлттық салт дәстүр мен құндылықтар насихатталды. Өнерпаздар әннен шашу шашып, айтыс өнерінің үлгісін көрсетті.
Сондай-ақ, арнайы құрылым өкілдері ұлттық ойындар ойнап, өзара мықтыны анықтады. Топ жарған команда мүшелері арнайы марапатталып, мерекелік сыйлықтарға ие болды.