Оқ атқандар ұсталды

Оңтүстік Қазақстанның полиция қызметкерлері Шымкенттегі фирмалардың бірінің жанында оқ атқан 4 күдіктіні ұстады. Олар бұзақылық жасаған деп айыпталуда.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 6 қаңтарында Абай полиция бөліміне Темірлан тасжолында атылған қарудың даусы естіліп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, қаладағы фирмалардың бірінің жанында белгісіз азамат анықталмаған қарумен «Kia» маркалы автокөлікке қарай бірнеше рет оқ атып, қашып кеткенін анықтайды. Автокөліктің ішінде болған жүргізуші мен сол фирманың директорына ешқандай зақым келмеген.

Оқ атқандар ұсталды

Бұл факті Абай полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне тіркеліп, қылмысты кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Арада екі ай өткен соң облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері ішкі істер министрлігінің мамандарымен бірлесіп, жедел-іздестіру барысында бұзақылық жасаған барлық күдіктілерді қолға түсірді.

Оқ атқандар ұсталды

Олардың арасында оқ атуға тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және екі орындаушы бар деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 32, 29, 26 және 24 жастағы күдіктілер – Шымкент қаласы мен Ордабасы ауданының тұрғындары. Оқ атқандардың бірі бұрын сотты болса, екіншісі ішкі істер органының есебінде тұрады. «Интергаз» мекемесінің басшысын атуға тапсырыс беруші – 1984 жылы туылған азамат. Ал қылмысты ұйымдастырушының жасы – 29-да.

Оқ атқандар ұсталды

Полицейлер ұсталғандардан айғақ ретінде екі травматикалық тапанша, екі тегіс ұңғылы мылтық, Ф-1 гранатасы және травматикалық қарудың оқтарын тәркілеп алды. Қазір тергеушіле бұл қылмыстың мән-жайын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.