Шымкентте жол жөндеу жұмыстары қайта басталды. Сондай жұмыстың бірі қазір қаладағы Сұлтанбек Қожанов көшесінде жүріп жатыр.
Осы көшесінен Аврора көшесінен Бауыржан Момышұлы көшесіне дейінгі аралығы бүгін таңертең жабылды. Мұнда өткен жылы басталған қайта құру жұмыстары жалғасуда.
Ұзындығы 1700 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы үшін қала бюджетінен 300 млн теңгеден астам қаражат қаралған. Осыған байланысты мердігер жолды кеңейтуді көздеп, қызыл сызыққа еніп кеткен нысандарды бұзуға кірісті. Аталған тірлік биыл қарашада толығымен аяқталады деген жоспар бар.