2000 жылдық тарихы бар Қошқар ата өзеніндегі жағдай мәз емес. Өзенді ластау тыйылмай тұр. Жағалауда жайғасқан тұрғындар шайынды суларын арнаға ағызады.
13 гектар алқаптың тазалығына жауапты Дендрарий саябағының мамандары тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тіпті, жыл сайын үндеу парақтарын да таратқан. Бірақ одан шыққан нәтиже жоқ.
Өкініштісі сол, шаһардағы сансыз құзырлы мекеме қызметкерлері де бұған бас ауыртқысы келмейді деп қынжылады Қошқар ата бөлімшесінің шебері. Оның айтуынша, бұл жағдайды қала әкімінің өзі жіті қадағалауына алмай, мұнтаздай тазалыққа қол жеткізу мүмкін емес.