15 наурыз — тұтынушылар құқығын қорғау күні

564

15 наурыз — тұтынушылар құқығын қорғаудың дүниежүзілік күні. Атаулы датыны тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары елеусіз қалдырмады. Әдеттегідей мұндағы мамандар сауда орындарында тұтынған тауардың сапасына көңілі толмай келген азаматтардың шағымын қабылдап, кеңестер берді.


15 наурыз - тұтынушылар құқығын қорғау күні

Биыл департамент мамандары антибиотик қосылған тағамдарға бақылауды күшейтпек. Өйткені астан улану фактілері көбейген. Жыл басынан бері арнайы зертханада 143 тағамнан сынама алынған. Алайда, бұл тауарлардың сапасы бойынша тексерудің нәтижесі белгісіз. Мамандар қаңтар айынан бері антибиотик қосылған тағамдарды сауда сөрелерінен алып тастаймыз дегенмен, бұл бағытта атқарған тірлектері шамалы.

Болат Нұрманов, облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары: «Түрлі сауда орнындарын 147 тағам алып, сынама жүргіздік. Бірақ нәтижесін әзірге айта алмаймыз.»

Жыл соңына дейін антибиотик қосылған тағамдар сауда орындарында сатылмайды. Бұл — тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандарының берген уәдесі. Ал ашық есік күнінде арызын арқалай келген азаматардың шағымы елеусіз қалмайды. Коммуналдық шаруашылық мекемесінің жұмысына наразы топтың талап-тілегін орындау үшін арнайы шара ұйымдастыруды көздеп те отыр.