Балалар үйінде наурыз мерекесі тойланды

684

«Наурыз — думан-береке». Қаламыздағы №3 балалар үйінің тәрбиеленушілері мерекелік шара өткізді. Жыл басы саналатын айдың қадір-қасиеті мен арқалай келетін ырысы жайында баяндалатын қойылымды сахналап, мерекенің мерейін асырды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің жаңа жылдан күтері мен түзген жоспары көп.

Аядай ғана бөлмеде дөңгелене, жұмыла жиналған балалар алдымен жыл басы саналатын айдың қадір-қасиеті мен арқалай келетін ырысы жайында баяндалатын қойылымды сахналады.

Ахмет Рахманов —  қаламыздағы № 3 балалар үйінің тәрбиеленушісі. 10 жасар жеткіншекті анасы осыдан 9 жыл бұрын бөгде кісілерге тастап кеткен. Екі жылдан бері мемлекет қамқорлығына алынған Рахман жаңа жылдан тек жақсылықтар күтетінін жасырған жоқ. Тіпті ойдағы арманын да біздің алдымызда жасырмай жайып салды.

Ахмет Рахманов
Ахмет Рахманов

Ахмет Рахманов, № 3 балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Мешін жылында жақсы, молшылық болады. Достарымыз көбейеді, армандарымыз орындалады. Менің арманым — жақсы отбасы мені асырап алып, мені тәрбиелесе деймін.»

«Наурыз — думан-береке» мерекелік іс-шарасында балалар жыр-шашуларын жолдап, жаңа жылдық ән тартуын ұсынды. Арман-тілектерін тілге тиек етті. №3 балалар үйі басшылығының айтуынша, бүгінде мұнда 3-11 жасар балалар тәрбеиеленіп жатыр. Олар ата-ана, туғандарының мейірімінен қағылғанымен, қоғамның назарынан тыс қалмайды.

Қырмызы Қожамжарова, №3 балалар үйінің директоры: «Наурыз мерекесіне орай балалар үшін үлкен дастархан жайылады, наурыз көже беріледі. Демалыс күндері денросаябақ пен зообақтарға барамыз, өңріміздегі тарихи-өлкетану мұражайына қыдырып барамыз. Сыйлықтар жасаймыз.»

Айта өтетін ақпар, бүгінде шаһарамыздағы №3 балалар үйін 68 бала паналауда. Оның 8-і — жетім, ал 60-ы ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршіндер.