Шымкенттің өрт сөндірушілері бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады

546
Балғындар сурет салуда

Шымкенттегі № 3 балалар үйінде 1-маусым мерекесі атап өтілді. Оған қалалық өртке қарсы қызметтің мамандары да қатысты. Олар балғындар арасында сурет салудан конкурс ұйымдастырды. Бүлдіршіндер асфальттың үстіне түрлі-түсті қаламмен сурет салып, өз өнерлерін паш етті.

Балғындар сурет салуда
Балғындар сурет салуда

Бейбіт аспанда нұрын шашқан күн, оның сәулесіне шомылған Бәйтерек. Ал қасындағы үйлердің ауласында көптеген бала ойнап жүр. 5 жасар Олег тәуелсіз Қазақстанды осылай бейнеледі. Бүлдіршін болса да ол бақытты балалықтың қандай екенін біледі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hB9UtD7iYow[/youtube]

Одан кейін қалалық өртке қарсы қызметтің мамандары балғындарға ала келген базарлықтарын таратты. Әсіресе дәл бүгінгідей мереке қарсаңында бүлдіршіндердің ешқайсысы назардан тыс қалмауы керек. Аз да болса қамқорлық жасап, балалардың алғысын алған өрт сөндірушілер оларға ағалық тілектерін де білдірді.

Мерекелік шараның соңында бүлдіршіндер мың бұралып, би биледі
Мерекелік іс-шараның соңында бүлдіршіндер мың бұралып, би биледі

Мерекенің соңында бүлдіршіндер мүдірместен тақпақ айтып, мың бұралып биледі. Осылайша ата-ана қамқорлығынсыз қалған балғындар бір күн болса да көңілдері көтеріліп, мәз-мейрам болысты.