2016 жылдың 8-9 сәуір күндері Шымкент қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен аймақтық басылымдардағы экономика саласына жазатын қазақтілді журналистерге «Бюджет ашықтығы мен есептілігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.
Жобаның мақсаты – аймақтық басылымдардағы экономика тақырыбына жазатын қазақтілді журналистерге мемлекеттік бюджеттің жоспарлануы, облыстар мен аудандарға бөліну критерийлері және т.б. мәліметтерді түсіндіру. Дәріс аясында мемлекеттік мекемелер дайындайтын жартыжылдық, жылдық қорытынды есеп және өзге бюджет үдерісіне қатысты мәліметтерді халыққа түсінікті етіп жеткізуде сараптамалық мақалалар мен зерттеулер дайындау жолын көрсету қарастырылған.
Екі күндік семинар-тренинг аясында сіздер Шолпан Айтенованың «Бюджет ашықтығы және есептілігі» деп аталатын дәрісін тыңдай аласыздар.
Ал Асқар Беков «Инфографика – ақпараттандырудың озық формасы» атты тақырыппен журналистикадағы мультимедианың кең қолданатын құралын түсіндіретін болады.
Сондай-ақ, журналист Гүлзина Бектас ««Қазақ журналистикасы: жетістік қандай, кемшілік қайсы?» атты дәріс жүргізеді.
Семинарға қатысам деушілер мына электронды поштаға (aitumarym@gmail.com) өз өтініштерін жібере алады.
Қосымша ақпарат үшін:
Айдана НҰРМҰХАН,
тел: 8 701 614 96 75