Депутаттар куәліктерін алып, мәслихат хатшысын сайлады

Шымкентте алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихаттың алғашқы сессиясы болды. Халық қалаулыларының алғашқы отырысындағы күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Ал ең бастысы –  қалалық мәслихат хатшысы тағайындалды.

Депутаттар куәліктерін алып, мәслихат хатшысын сайлады

Мәслихаттың хатшысы болып Нұрлан Бекназаров қайта тағайындалды. «Нұр отан» партиясының фракция отырысында жаңа сайланған халық қалаулылары бір ауыздан осындай шешімге келіпті. Нұрлан Құдиярұлы бесінші шақырылымда да хатшылық қызметті атқарған, бес бірдей шақырылымның депутаты, сондай-ақ, Қазақстан мәслихатының құрметті депутаты. «Құрмет» орденінің иегері,,әріптестерінің сеніміне ие болған депутатың бірі.

Қалалық мәслихаттқа сайланған 29 депутатың 27-і – «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Бір депутат – «Ақ жол» және бір депутат – «Бірлік» партиясынан. Алғашқы сессияда бес тұрақты комиссияның төрағалары белгіленіп, мүшелері сайланды.

Депутатық корпустағы дәстүрге сай қалалық мәслихаттың екінші сессиясының төрағасы тағайындалды. Сессияға қатысқан қала әкімі депутаттық корпусты қоян-қолтық жұмыс жасауға шақырды. Бірлесіп, шаһардың әлеуметік-экономикалық өсуін қарқындатуды міндет етті.

Нұрлан Жаңабай