Еңбек мигранттарынан қауіп көп…

183

Қазақстанға өзге елден келетін еңбек мигранттарынан төнетін қауіп көп. Шетелдік келімсектердің денсаулығына ешкім кепілдік бере алмайды. Осыны ескерген дәрігерлер шетелден келіп, еңбек ететіндерді құрт аурына қарсы тегін тексерді.

Алдын алу мақсатындағы іс-шара Шымкенттегі «Авто-нұр» базарында өтті. Құрт ауруына қарсы тегін тексеруден өтуге келгендердің қарасы қалың. Тегін дүниені естіген саудагерлер ақысыз медициналық тексеруден өткісі келген. Бірақ, бұл әлеуметтік көмек тек шетелден келген мигранттар үшін ұйымдастырылған.

vlcsnap-2016-03-11-19h45m13s29

Қаладағы «Авто-Нұр» базарында 1500-ге жуық сатушы жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Қырғызстан, Өзбекстан сынды елден келген мигранттар. Мамандар соңғы жылдары келімсектер арасында туберкулез ауруы таралуын жиіліп кеткенін айтады. Мәселен Қазақстан жыл сайын 300-500 мыңнан 1 млн-ға дейін еңбек мигранттарын қабылдайды. Олардың 15 пайызы жұқпалы аурулармен тіркеуге алында екен. Оның ішінде, әсіресе, туберкулез дерті көш бастап тұр.

vlcsnap-2016-03-11-19h42m53s173

Профилактикалық жұмыстар барысында өзге елден келіп еңбек ететін мигранттар тегін медициналық тексеруден өтіп қана қоймай, түрлі сыйлықтарға ие болды. Шараны ұйымдастырушы «Жолдас» қоғамдық емес  ұйымының мүшелері мұндай ақысыз әлеуметтік көмекті енді құрылыс орындарында да өткізбек ниетте. Ал флюраграфиядан өткен азаматтар қалалық туберкулезге қарсы диспансеріне барып, медициналық тексерудің нәтижесін біле алады.