Шымкенттегі Елеуовтар отбасы Алматыдан оралды. Отбасындағы бес баланың үшеуі сал ауруына шалдыққан жанұяны «Айтуға оңай» бағдарламасының шғырмашылық ұжымы қонаққа шақырған.
![Елеуовтар отбасы](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2016/03/000-5-640x358.jpg)
Осы отбасының екі бала мен анасы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы ток-шоуға «Отырар» телеарнасының тілшісі Шынар Оразовамен бірге барып қайтты.
![Елеуовтар отбасы](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2016/03/000-4-640x480.jpg)
Бағдарламаға қатысқан «Шұғыла» қоғамдық қорының өкілдері балаларға мүгедектер арбасын жеткізіп беретін болды. Ол үшін бір күні бойы балалармен бірге болып, қажеттіліктері мен өзге де ақпараттар біліп, сұрастырды.
![Елеуовтар отбасы](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2016/03/000-3-640x480.jpg)
Сондай-ақ, бағдарлама барысында бүлдіршіндердің оңалуына қолдау көрсететіндер де көптеп табылды. Ток-шоудың Елеуовтар отбасына арналған санын 11 наурыз күні сағат 11:45 және 20:15 -те «Қазақстан» ұлттық телеарнасында тамашалай аласыздар.