Героин сатпақ болған жігіт ұсталды

Шымкентте есірткі сатпақ болған жас жігіт ұсталды. Полицейлер 25 жастағы жігіттен героин тәркілеп отыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Героин сатпақ болған жігіт ұсталды

Наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында 1991 жылы туылған жергілікті тұрғынды есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұстады.

Күдіктіні тексеру барысында шалбарының қалтасынан 2 полиэтиленді түйіншек және ішінде есірткі ерітіндісіне ұқсас зат табылған медициналық шприц табылып, тәркіленген. Сот-криминалистикалық сараптамасы нәтижесінде тәркіленген заттардың жалпы салмағы 20 грамнан астам героин екенін анықтады.

Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің екі бабымен іс қозғалды. Олар есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеуге қатысты 296 және есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу,иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуге қатысты 297-баптар.

Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.