Итіңіз үшін айыппұл төлеуіңіз мүмкін

426
Құтыру

Итіңізге ие болмасаңыз, айыппұл төлейсіз! Үй жануарын тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз алып жүргендерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл аса қауіпті жұқпалы құтыру ауруының алдын алу мақсатында қолданылатын шара.

ҚұтыруӘл Фараби аудандық әкімдігінің өкілдері қырым қанды қызбасы және құтыру дертіне қарсы күресті пысықтады. Бұл жұмыстарға санитар мамандар наурыз айының ортасынан бастап кіріседі. Қауіпті аурудың алдын алуға жергілікті билік өкілдері мен медициналық мекеме басшылары мен полицейлер жұмылдырылмақ.

Күн жылысымен кене қаптап, түрлі дерттің ушығуына себеп болады. Сондықтан мамандар наурыз айының 15-нен бастап жеке қора қопсыларды залаласыздандыруға кіріседі. Санитар мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы кешенді шаралар бір мезетте атқарылуы тиіс. Яғни бір уақытта ірі қара мен уақ мал тоғытылуы керек. Сонда ғана қолға алған іс нәтиже бермек.