Леңгір қаласының дәрігерлері жарақат алып, ауруханада жатқан адамның туыстарын іздейді. Жәбірленушіні көлік қағып кеткен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері ер кісіні ауруханаға жеткізіпті.
Қазір жарақат алған азамат ауруханада ес-түссіз жатыр. Оның қалтасында ешқандай құжаты жоқ дейді дәрігерлер. Тек 2700 теңгесі бар. Дәрігерлер бұл азаматтың туыстарын іздегенімен, нәтиже шықпай отыр дейді.
Сондықтан бұл азаматты танығандар болса, Леңгір аудандық ауруханаға хабарласуды сұрайды. Қазір Шымкенттің әлеуметтік желі қолданушылары осы суретті интернетте таратып, таныстарын немесе туыстарын іздестіруде.
Ер кісінің есін жимаған күні жатқанына 4 күн болған. Аурухананың мекенжайы: ОҚО, Төле би ауданы, Леңгір қаласы, Шаңырақ шағынауданы, Қапал батыр көшесі, 2.