Арбамен билеуден өткен Қазақстан чемпионатында шымкенттіктерге ілесер спортшы болмады

Оңтүстіктегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мектебінде арбамен билеуден бөлімше ашылғанына бір жылдан ғана асты. Жерлестеріміз бірқатар жарыстарға қатысып, жүлделі болып үлгерген. Бір жыл бойында тәжірибе жинақтаған жерлестеріміз биыл Қазақстан чемпионы атанды.

Арбамен билеуден өткен Қазақстан чемпионатында шымкенттіктерге ілесер спортшы болмады
Арбамен билеуден өткен Қазақстан чемпионатында шымкенттіктерге ілесер спортшы болмады

Оңтүстік астанада өткен республикалық сынақта облысымыздың үш спортшысы өнер көрсеткен болатын. Нәтижесінде Ермек Қалымбетов 4 алтын медаль жеңіп алса, Айжан Жақұлаева 3 рет жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, 2 күміс медаль да осы бойжеткеннің еншісіне жазылды. Ал спорттың бұл түрімен енді ғана танысқан Арман Кенжебай 2 рет чемпион атанды. Жалпы есепте де Оңтүстік құрамасы бірінші орыннан көрінді.