Оңтүстікте 25 мың түп ағаш егілді

620
Оңтүстікте 25 мың түп ағаш егілді

Оңтүстікте ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Отан ағашы» көгалдандыру акциясы өтті. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылығының қызметкерлері 25 мың түп жеміс ағашын егіп, егеменді еліміздің өркендеп, гүлденуіне өзіндік үлесін қосты. Оған тұрғындар да қосылды.

Оңтүстікте 25 мың түп ағаш егілді

Бадам орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме жыл басын игі іспен қарсы алды. Орман қорының 60 гектар жерінде жеміс ағаштары жайқалатын күн алыс емес. Табиғатты қорғаушылардың акциясын Ордабасы ауданының тұрғындары қолдап, ағаш екті. Ал ауыл қариялары мұндай сауапты істен шет қалмағанбыз дейді.

Оңтүстікте 25 мың түп ағаш егілді

Мыңдаған ағаш көшетінің ішінде алманың Конфетка, Старкримсон, Ренет, Семиренко сияқты түрлі сұрыптары және сары өрік бар. Көшеттердің күтіміне осындағы Бадам орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінің қызметкерлері қарайды. Жастар да аға буын өкілдерінен қалыспай акцияда белсенділік танытты.

Оңтүстікте 25 мың түп ағаш егілді

Мұндай игі шаралар 2010 жылдан бері елбасының «Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму жоспарының стратегиясы туралы» жарлыққа сәйкес «Жасыл ел», «Жасыл даму» бағдарламасын жүзеге асырылуда. Осы мақсатта республикалық «Жасыл жапырақ», облыстық «Орманшылар шеруі» және «Саябақтар шеруі» атты акциялары қолға алынған. Іс-шара соңында белсенділер марапатталып, көпшілік концерттік бағдарламаны тамашалады.

Шынар Оразова