жолБиыл Оңтүстік Қазақстан облысында 110 жол салу жоспарлануда. Осы мақсатта облыс бюджетінен қаржы бөлініп, 513,6 шақырым жол мен 17 ғимаратқа құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмек.
Сонымен қатар бюджетті тиімді пайдалану үшін концессия жолымен ұзындығы 48 шақырым болатын қаланың оңтүстік-батыс жаңа айналма жолын салу бойынша жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
2015 жылы облыста 69 жол салуға 15,1 млрд теңге қаржы бөлініп, 420,4 шақырым жолдың және 7 жасанды ғимарат салынған. Нәтижесінде облыстық маңызы бар 19 жол, 1 көпір жөнделіп, 8 жол мен 1 көпір пайдалануға берілді. Ал қала және аудан көлемінде 49 нысанда, яғни, 250 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 1 жер асты және 1 жер үсті өткелдері пайдалануға берілді.
Айта кететін бір жайт, 2015 жылы жол құрылысы саласында жаңа технологияны қолдану нәтижесінде 40 млн теңге үнемделген.