Оңтүстікте дәстүрлі әндер байқауы өтті

329
Оңтүстікте дәстүрлі әндер байқауы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ұлыстың ұлы күні мерекесінде облыстық «Наурыз» дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оңтүстікте дәстүрлі әндер байқауы өтті

Ұлттық дәстүрді насихаттап, жас әншілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқауға 16-30 жас аралығындағы 16 үміткер қатысып, халық әндерінің қасиеті мен құдіретін көпшілікке паш етті.

Өнер байқауында үміткерлердің орындау шеберлігіне, таңдалған шығарманың тәрбиелік мазмұны мен мағынасына, өнерпаздың сахнада өзін-өзі ұстауы мен сахна мәдениетін сақтауына қарай баға берілді.

Сонымен, байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Созақ ауданының тумасы Елдос Жүсіпов алса, І орынды шымкенттік Ақжол Өсербай иеленді. Ал жүлделі ІІ және ІІІ орындарды сайрамдық Мөлдір Изенова мен отырарлық Шоқан Теңлібаевтар алды.