Оңтүстікте 8 наурыз күні 186 сәби дүниеге келді

821

Мереке күндері Оңтүстікте 186 сәби дүние есігін ашқан. Олардың басым бөлігі — қыз балалар. Халықаралық әйелдер күні туылған шақалақтардың арасында егіздер де көп.

vlcsnap-2016-03-09-18h16m57s99

Гүлжан Жұмабаева — 8 наурыз күні сәби босанған келіншектің бірі. Жас ана мереке күні егіз баланы дүниеге әкелді. Нәрестелерінің жағдайы да жақсы. Бір күнде ұл мен қыздың анасы атанған оның бұған дейін тағы да бес баласы бар.

vlcsnap-2016-03-09-18h16m09s121
Қаладағы бір ғана №1 перинаталды орталықта мереке күні 19 бала дүние есігін ашқан. Оның ішінде егіз жұбы — екеу. Дәрігерлердің айтуынша, биыл 8 наурыз күні кіндігі қосарланып туылғандар жылдағыдан көбейген. Қазір шақалақтардың жағдайы бір қалыпты.

vlcsnap-2016-03-09-18h16m50s22

Жалпы, облыс бойынша мереке күні 186 бала дүние есігін ашқан. Оның 79 ұл болса, 107-сі қыз баласы.