Футболдан Қазақстан чемпионатында Оңтүстіктің намысын қорғайтын «Ордабасы» командасы жаңа маусымды бастауға дайын. Шымкеттегі «БИІК Тассай» спорт кешенінде өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов команда жаттықтырушылары мен спортшыларымен кездесті.
Айта кету керек, «Ордабасы» клубы тек Қазақстан біріншілігінде ғана емес, Еуропа Лигасында да Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Клуб ойыншылары алғашқы ойынын 13 наурыз күні қазақстандық премьер-лига аясында «Ақтөбе» клубымен өткізеді. Матч Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтеді деп күтілуде.
Бүгінгі таңда «Ордабасы» футбол командасы еліміздегі беделді спорт ұйымы болып табылады. 2011 жылы футбол клубы Қазақстан Кубогінің иегері атанса, 2012 жылы еліміздің суперкубогін жеңіп алды.