Облыста 10 нысан жекенің қолына өтті

Облыста 10 нысан жекенің қолына өттіОблыста 2014 жылдан бері жекешелендіруге жататын 14 нысанның 13 сауда-саттыққа қойылып, 10 нысан жекешелендірілді. Жекенің меншігіне өткен нысандардың жалпы құны 523 млн теңгені құрайды.

Бұл туралы облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Телғараев мәлімдеді. Айта кетейік, жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай облыста коммуналдық меншіктегі 28 заңды тұлғаны бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр.

Сату кестесіне сай үстіміздегі жылы 4 нысан электронды саудаға түседі деп күтілуде.