«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері жазаға тартылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жазады.
Шымкенттің команданың бас жаттықтырушысы Бахтияр Байсейтов Қазақстан премьер-лигасының екі ойнынан шеттетілді. Бұған қоса бас бапкер жалпы сомасы 650 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Ал футбол клубының өзі ірі көлемдегі айыппұл төлейді. Бұған себеп, Шымкентте өткен «Ордабасы» — «Астана» командаларының кездесуінде бас бапкердің ойын кезінде алаңға шығып кетуі болып отыр.
Мұндай шешімді бақылау-тәртіп комитетінің мүшелері 30 наурыз күнгі отырыста қабылдады.