«Ордабасы» командасы жанкүйерлерімен 10 наурыз күні кездеседі

"Ордабасы" командасы

Футболдан Қазақстан чемпионатында Шымкент қаласының намысын қорғайтын «Ордабасы» командасы өз жанкүйерлерімен 10 наурыз күні жүздеседі.

"Ордабасы" командасы
«Ордабасы» командасы

Дәл осы күнге команданың жаңа құрамын таныстыру рәсімі өтеді. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұсаукесер рәсімі 10 наурыз күні Шымкенттегі «Мега-Планет» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді. Кездесу 15:00-ге жоспарланған.